Назарбаев стал лауреатом премии "Человек года-2015" в России

www.egemen.kz

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресейде «Халықаралық қатынас» аталымы бойынша «Жыл адамы-2015» сыйлығының лауреаты деп танылды.

Салтанатты іс-шараны ұйым­дастырған Орыс биографиялық институты мен Экономикалық стратегиялар институтының хабарлауынша, Нұрсұлтан Назарбаев әлемдік саясаттағы үздік жетістігі және Еуразиялық экономикалық одақты нығай­­тудағы үлесі үшін бұл сыйлыққа лайық деп танылды. Еске сала кетейік, 2012 және 2014 жылы да қазақстандық көшбасшы осы атаққа ие болған еді.

Сондай-ақ, биылғы жылғы лауреаттар арасында Ресей Феде­­рациясының Президенті Владимир Путин, Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин, Куба Президенті Рауль Кастро, Татарстанның тұңғыш Президенті Минтимер Шаймиев, Мәскеу және бүкіл Ресей Патриархы Кирилл, академик Лео Бокерия, кинорежиссер Никита Михалков, тағы басқа белгілі тұлғалар бар, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.