МИССИЯ ВЫПОЛНИМА. ОБ ИТОГАХ СЕМИНАР-ТРЕНИНГОВ «КАЗАХСТАНСКИЙ ПУТЬ: МӘҢГІЛІК ЕЛ»

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кітапханасы қызметінің негізгі бағыттарының бірі жастар мен ересек тұрғындар арасындағы жүйелі білім беру және мәдени-ағарту жұмыстары болып табылады.

Елбасы кітапханасында 2015 жылдан бері қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу және нығайту мақсатында «Әлемді өзгертетін идеялар» әлеуметтік жобалар жүзеге асырылуда, соның аясында республикамыздың үздік оқушылары мен студенттеріне апта сайын семинар-тренингтер өткізіледі. Жоба Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың тұжырымдамалық идеялары мен жаһандық бастамаларын зерттеуге бағытталып жасалған.

Екі күндік семинар-тренингтің бағдарламасы Қазақстанның ұлттық тарихы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының өмірі, қызметі мен саясаты, қазақстандық мемлекеттіліктің қазіргі және келешектегі даму мәселелерінің өзектілігі тақырыптарын қамтиды.

2015–2016 жылдардағы семинарлар Мемлекет басшысының тапсырмасымен «100 нақты қадам» ұлт жоспарындағы бес институционалдық реформаларды іске асыру бойынша өтті. Оқу курсын тек жастар ғана емес, мемлекет қызметкерлері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, педагогтер, БАҚ өкілдері және әскерилер де тыңдады.

2017 жылы оқыту «Қазақстан жолы: Мәңгілік Ел» тақырыбы бойынша өткізілді. Семинар бағдарламасына теориядан басқа тренингтер, топтық жұмыс түріндегі тапсырмалар, форсайт-зерттеулерінің элементтері, сонымен қатар қатысушылардың жобалық қызметтеріне қолдау көрсету енгізілген.

Курстың авторлары мен ұйымдастырушыларының сөзінше, ол жоғары деңгейлі кәсіби және ұлттық болмыстағы, отансүйгіш, тарихи және әлеуметтік саналы, мемлекетіміздің тұрақтылығын, тәуелсіздігін, қауіпсіздігін сақтауда белсенді әрі табанды әрекеттерге дайын, басқа мәдениет өкілдерімен үнқатысуға қабілетті ұрпақ тәрбиелеуге бағытталған.

Философия ғылымының докторы, профессор Ғазиз Телебаев пен тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Сағынтай Бердағұловалардың дәрістері «Мәңгілік Ел» жолындағы тарих пен мұра», «Тәуелсіздік және ұлттық қауіпсіздік», «Индустрияландыру және жалпы еңбектік қоғам», «Жалпы ұлттық бірлік, ортақ тарих және жоғары руханилық» ең өзекті әрі маңызды қоғамдық-саяси тақырыптарға арналды.

Тәжірибелік сабақ және «Лидер әлемі» тұжырымдамалық моделі» тақырыбындағы тапсырмалар барысында Елбасының бірегей лидерлік қасиеті, тәуелсіз Қазақстанды құру және дамытуда Н. Ә. Назарбаевтың жаһандық үлесі ашыла түсті.

Миға шабуыл, пікірталас, кіші тобындағы жұмыс, «Қазақстан жолы» интерактивті ғылыми-білім беру орталығындағы тәжірибелік сабақтардың оқу бағдарламасының тренинг бөлімін Әлеуметтік-ағартушылық жобалар қызметінің қызметкерлері педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Күнсұлу Исинова, аға сарапшылар Ақбота Хамитова мен Күнзия Үмбетовалар өткізді. Сонымен қатар, тыңдаушыларға кездесулер, Назарбаев орталығына, Елбасы кітапханасы музейіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық музейіне экскурсиялар ұйымдастырылды.

2017 жылдың ақпан-желтоқсанында 1 550 адамға 29 семинар-тренинг өткізілді. Барлығы 2015–2017 жылдар аралығында Елбасы кітапханасында 106 семинар ұйымдастырыған. Жалпы қатысушылар саны – 5 232 адам.

– Өткізіліп жатқан семинар-тренингтің арқасында Елбасы кітапханасы біртіндеп жалпы қазақстандық ғылыми-білім беру орталығына айналып барады. Еліміздегі барлық жоғары оқу орындарының студенттері дәріс курстарын тыңдап, семинарлар мен тәжірибелік сабақтардың қатысушылары болды. Оқу курсын тыңдаушылар мен ғылыми-педагогикалық қоғамдастық жоғары бағалады және семинар-тренингке қатысуға жаңа өтінімдер түсуде. Сонымен қатар, Қазақстанның басқа өңірлеріндегі жоғары оқу орындары мен мемлекеттік мекемелерден шақырулар келіп жатыр. Бұл біздің өте маңызды міндет атқарып жүргеніміздің дәлелі, әрине, қуантарлық жайт екені сөзсіз. Аталған курстың ерекшелігі еліміздің бүгіні, біздің бай тарихымыз туралы жалпы жүйеленген дәріс беретіндігімізде. Біз – ұлы мәдениет пен ұлы тарихтың бөлшегіміз, мобильді зияткерлік және рухани мықтылықты талап ететін өте күрделі уақытта өмір сүріп жатырмыз. Семинарлар жастарға келешек ұрпаққа қалдырылғанды лайықты жалғастыратын, иек арта алатын идеологиялық және мәдени бағыт береді. Ең кереметі, біз тыңдаушылардың ыстық ықыласына бөленетініміз. Олардың таңқалатыны соншалық еліміз керемет, көрші елдерден айырмашылығымыз зор, қысқа уақытта көп жетістікке жетіппіз, алдымызда қандай жоспарлар тұр, мұның бәрін жүзеге асыру мүмкін бе, өйткені өткенімізде осындай мысалдар бары шабыттандыра түседі. Басында кейбіреулер сенімсіздік танытып, жастарға тән қылықпен мысқылдаса, екінші күннің соңында түсінеді. Үйлеріне оралғанда олар аталған түсініктің барлық маңыздылығын береді, алған әсерлерімен, ақпараттарымен бөліседі. Біздің жұмысымыздың маңыздылығы осында, – деп Елбасы кітапханасының жетекші ғылыми қызметкері Сағынтай Бердағұлова өз әсерімен бөлісті.

Елбасы кітапханасында екі күндік семинар-тренингтен басқа «Қазақстан жолы: Мәңгілік Ел» тақырыбы бойынша қысқа мерзімді көшпелі дәрістер өткізіледі.

2018 жылы семинар-тренингтердің жаңа мерзімі Президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының негізінде өтеді деп жоспарлануда.