Ко Дню национальной валюты. Документы из личного архива Лидера Нации

1993 жылдың 15 қарашасында Тәуелсіз Қазақстан Республикасының төл валютасы айналымға енді. Дәл сол күні таңғы сағат 8.00-ден ескі ақшаны қазақстандық теңгеге айырбастау жұмыстары қолға алынған. Бұл одан үш күн бұрын Мемлекет басшысы қол қойған «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» Жарлықта көрсетілді.

page-0002

1993 жылдың 12 қарашасы күні Елбасы халыққа үндеумен шығып, төл валютаны қабылдаудың маңыздылығына тоқталды. «Осы сәттен бастап тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қалыптасуы мен дамуының жаңа, шын мәніндегі өзгерістер кезеңі басталады. Мұндай оқиға әр елдің тарихында бір-ақ рет болады. Баршамыз ақша реформасын өткізудің қаншалықты қажет және төтенше маңызды екенін түсіне білуіміз керек. Біз үшін оның экономикалық емес, саяси маңызы да аса зор», - деп 23 жыл бұрын атап өтті Елбасы.  

Указ о введении нац. валюты. каз. вариант

Алғашқы теңгеміз Ұлыбританияда басып шығарылып, елімізге ұшақпен жеткізілген. Төрт ұшақ аптасына Лондон-Орал, одан облыстарға дейін әрлі-берлі он сегіз рейс жасап тұрды. Ақшаны барлық аудандарға және банкілерге жеткізу бар-жоғы сегіз күннің ішінде жүзеге асырылды.

Төл валютаны елімізде шығару жұмыстары қолға алынып, оның нәтижесі 1995 жылы сезілді. Отандық банкнот фабрикасы қолданысқа енді. Оны Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев салтанатты түрде ашты.

Церемония открытия банкнотной фабрики Республики Казахстан. 19.05.1995 г.

Бүгінде төл теңгеміз тәуелсіздіктің тірегіне айналып отыр.