Книга о Нурсултане Назарбаеве «Наш Президент» удостоена Диплома первой степени

«Біздің Президент» («Наш Президент») деректі повесі үшін «Алматыкітап баспасы» Мәскеуде өткен халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесінде I дәрежелі дипломға ие болды.

c2b7d976401516dcd2ce6c2c6f894861_XL

Көрме-жәрмеңке дүние жүзі бойынша жыл сайын кітап баспасының үздік нұсқаларын жинақтайды. Бұл жолы оған 40 елдің 500 баспасы қатысты. Айта кетерлігі, қазақстандық өнімдер көптеген кітап пен полиграфиялық бәсекелестер арасында өзіндік өрнегімен ерекшеленіп, көрме қатысушылары мен қонақтарының қызығушылығын тудырды.

Әсіресе, Нұрсұлтан Назарбаев туралы кітап келушілерге ұнады. Бұл еңбекте авторлар Махмұт Қасымбеков, Асқар Молдағаринов пен Ерден Хасенов Мемлекет басшысының ел тағдырындағы тарихи орнын шынайы да көрнекі жеткізген. Басылым мектептердің орта және жоғары сынып оқушыларына, ата-аналарға және ұстаздарға, сондай-ақ Қазақстанның қазіргі заманғы тарихына қызығушылық танытатын барлық оқырманға арналған.  

Деректі повесть Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев туралы жеңіл тілмен баяндайды. Яғни, басылымда Мемлекет басшысының қарапайым ауыл баласынан Мемлекет басшысы және әлемдік деңгейдегі саясаткер дәрежесіне дейінгі қиындыққа толы әрі таңғажайып жарқын өмір жолы жөнінде айтылады.

1X7A9056

Елбасы кітапханасы ағымдағы жылғы 3 шілдеде аталған туындының мемлекеттік тілдегі нұсқасының, былтырғы 29 тамызда ресми тілдегі нұсқасының таныстырылымын өткізді.