Из серии «Дочери великих степей». Легенда о Суинбике

Азаттық жолында күрескен қайсар арулар Сүйінбике мен Сүзге бізге мәшһүр ме? Тарихтағы ақтаңдақ беттерді Шәрбану Бейсенова және Жанат Әскербекқызы ашты. Олар нәзік жандардың ерлігі жайлы қалам тербеп, тыңнан түрен салған. «Ұлы дала арулары» топтамасының алғашқы кітабы «Сүйінбике» оқырман қауымның көзайымына айналатыны даусыз. Бояуы кеппеген тағылымды басылым - соны зерттеулер мен терең сараптамалардың жемісі.

0U3A9281

«Сүйінбике – XIV ғасырда Алтын орданың хан тағына кімді отырғызып, кімді алып тастауды бір өзі реттеп, ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстаған өте ықпалды тарихи тұлға, ел бастаған көсем, ту ұстаған қолбасы, сөз бастаған шешен, «Едіге деген ер еді, елдің қамын жер еді» дегендегі Едіге бидің ұрпағы», - деп жазады кітаптың құрастырушылары.

Зерделенген деректерге үңілсек, Жүсіп би қазақпен іргелес орналасқан орыс патшалығымен қарым-қатынасты туыстық жолмен бекіткісі келген. Сондықтан жалғыз қызын Қазан хандығының билеушісіне ұзатады. Сүйінбике жарының өлтірілуіне байланысты таққа отырған. Отаршылдықтан жапа шеккен Данагөй патшайым хандықтың дербестігін және тәуелсіздігін сақтауға ұмтылды. Қайсарлығымен танылған арудың есімі түркі халықтарының арасында кеңінен танылған.

0U3A9284

Кітаптың екі бөлімі Сүйінбикені арқау етсе, үшіншісі Сүзге сұлуға арналған. Сібірдің хандығының патшайымының адалдығы мен қайсарлығы, ар-намысы мен абырой сипатталады.

0U3A92879

Дерек пен дәйекке толық 2016 жылғы кітапты Елбасы кітапханасынан парақтауға болады.