«ПАРИЖДЕН АСТАНАҒА ДЕЙІНГІ EXPO: ЫНТЫМАҚТАСТЫҚҚА 150 ЖЫЛ». СЕГІЗІНШІ ШЫҒАРЫЛЫМ

Елорданың атын дүр сілкіндірген ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі өз мәресіне жетуге дайын. Энергияның балама көздері мен «жасыл» технологияларды дамытуға, ғаламшардағы экологияны сақтауға арналған аталмыш көрме барысында 115 мемлекет пен 22 халықаралық ұйым тарапынан жаңғыртылатын энергия көздері саласындағы әлемдік үздік тәжірибелер, жаңа зерттемелер мен жетістіктер ұсынылды.

Ағымдағы жылдың 9 маусымында 17 мемлекет және үкімет басшыларының қатысуымен ЭКСПО-2017 көрмесінің ашылу салтанаты өтті. Рәсім барысында Қазақстан Президнті Нұрсұлтан Назарбаев алғы сөз сөйледі.

– 2012 жылы Парижде өткен халықаралық көрмелер бюросы жиынында 103 елдің өкілдері көрмені өткізу жауапкершілігін бізге сеніммен тапсырды. Осы орайда өтініміміз бен ұсынылған тақырыбымыздың қабылданғаны үшін барша мемлекеттерге алғысымды білдіргім келеді, - деді Елбасы.

Оның айтуынша, мұндай ауқымдағы көрмелер жалғыз мемлекеттің емес, жалпы халықаралық қоғамдастықтың еңбегі.

– Астанадағы ЭКСПО халықаралық көрмесі – еліміз бен «Қазақстан» ұлттық брендін жаһандық кеңістікте ілгерілетудің биік шыңы. «Болашақ энергиясы» тақырыбын жариялай келе біз ғылыми дамудың өзегіне қол жеткізуді көздейміз. Лондондағы дүниежүзілік көрмеден бері өткен бір жарым ғасыр ішінде күллі адамзат ірі технологиялық өзгерістерді бастан кешті. Бүгінде біз нәтижелі де қауіпсіз энергия саласындағы жаңалықтар алдында тұрмыз. Мұндай жаһандық үдеріске көрмеміздің қосар үлесі зор екеніне сенімдімін, - деп Н.Ә.Назарбаев ЭКСПО-2017 құру барысында ат салысқан барша жанға өз алғысын білдірді.

Официальный сайт мероприятия: театральная постановка света и шоуынан отдел. Торжественный праздничный концерт, по окончании салюттар расстреляна.

ЭКСПО басты нысаны – «Нұр Әлем» павильоны. Әлемдегі ең үлкен сфералық ғимараттың диаметрі 80 метр, ал биіктігі 100 метр. Павильонда Қазақстанның мәдениеті, тарихы, негізгі жетістіктері, сондай-ақ энергия негізгі көздері көрініс тапқан «Болашақ энергиясының музейі» орналасқан.

Оның сегізінші қабатында Астана болашақ қаласы ретінде назарға ұсынылады. Жетінші қабат ғарыш энергиясы, алтыншы қабат күн энергиясы, бесінші қабат жел энергиясына арналған. Төртінші қабатта биоэнергетиканың жəне басқа қуат көздерінің жетістіктері, үшінші қабатта Жер ғаламшарының кинетикалық энергиясы көрініс тапқан. Екінші қабатта су энергиясы тақырыбы қамтылған. Жалпы есеппен, ұлттық павильон 5 мың шаршы метр аумақты алып жатыр.

Отандық павильонда сонымен қатар «Болашақ Астана – 2050 жылдағы Қазақстанның астанасы» экспозициясы, ғарыш энергиясы залы, «Жасампаз энергия» аймағында энергетика және қоршаған ортаны қорғау салаларындағы отандық ғалымдардың үздік жобалары, «Тоқамақ» Қазақстандық термоядролық материалтану реакторының моделі, энергетика мен қоршаған ортаны қорғауға қатысты Мемлекет басшысының бастамалары көрсетілген медиа-тақта орналасқан.

ЭКСПО-2017 өткізу аясында Астанада халықаралық конференциялар мен форумдар, фестивальдер мен концерттер, көрмелер үздіксіз өтіп жатыр. Елбасы кітапханасы ЭКСПО-2017 нысаны ретінде халықаралық мамандандырылған көрменің аясында Қазақстанның түрлі аймақтары мен шет мемлекеттерден келген қонақтарды, сондай-ақ мәртебелі меймандар мен ресми делегация өкілдерін қарсы алады. ЭКСПО-2017 еріктілері Елбасы кітапханасы гидтеріне жәрдемдесіп, көптеген қонақтарға экскурсия жүргізуде ат салысады.

ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне орай Елбасы кітапханасы бір қатар іс-шара ұйымдастырды. Атап айтқанда,  «Бүгін энергияны үнемдесек, болашақта табиғатты сақтап қаламыз» І халықаралық балалар шығармашылығы байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі, дамуында ерекшеліктері бар балаларға арналған «Мейірім қуаты» шығармашылық мерекесі, әлеуметтік желілерде жарияланған «Астана – ЭКСПО-2017 ордасы» викторинасы, «Болашақ энергиясы: әйелдер, бизнес және жаһандық экономика» ІІ халықаралық әйелдер форумы, «Жасампаздық энергиясы» конференциясы. Бұл қатарға Қазақстанның көрме қызметінен сыр шертетін «Парижден Астанаға дейінгі EXPO: Ынтымақтастыққа 150 жыл» атты материалдар топтамасы да кіреді.

Елбасы кітапханасының кітап қоры да ЭКСПО-2017 аясында жарық көрген басылымдармен толығып жатыр. Сондай басылымдардың бірі,  ағымдағы жылдың тамызында тіркелген «ЭКСПО-2017: Болашақ энергиясы» халықаралық көрмесінің қатысушылары мен қонақтарына арналған «Қазақстан брендтері. Brands of Kazakhstan» кітап топтамасының алғашқы томы болып отыр. Ал «Лондоннан Астанаға дейін» атты үш томды жылнама ірі әлем дәстүрлерінің біріне айналған ЭКСПО дүниежүзілік халықаралық көрмесінің бай тарихын баяндайды.

Кезекті тың басылымдар қатарын «Президент және «Астана ЭКСПО-2017» / The President and Astana EXPO-2017» фотоальбомы жалғастырады. ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің ұйымдастыруы мен өткізуінен көрініс тапқан фото материалдарға толы оның беттерінде қазақ және ағылшын тілдерінде түсініктемелер берілген. Басылым архив құжаттары мен тың деректерден құрылған. Олар Халықаралық көрмелер бюросына (ХКБ) мүшелікке қабылданған кезеңнен бері Қазақстанның ЭКСПО халықаралық көрмелеріне қатысуынан сыр шертеді. Деректер қатарында ХКБ бас хатшысы Виссенте Лоссерталестің құттықтау сөзі де бар.

Новое поступление – фотоальбом «Президент және «Астана ЭКСПО-2017» / The President and Astana EXPO-2017». Альбом издан с комментариями на казахском и английском языках и представляет собой сборник фотоматериалов об истории организации и проведения международной специализированной выставки ЭКСПО-2017. Издание содержит архивные фотографии и интересные сведения участия Казахстана в международных выставках ЭКСПО с момента выступления в члены Международного бюро выставок (МБВ), а также приветственное слово Генерального секретаря МБВ Виссенте Лоссерталеса.