ДНЕВНИКИ ДЕКАДЫ КИНО. ВОСЬМОЙ ДЕНЬ

Елбасының кітапханасында «ТҰҢҒЫШ-ПЕРВЫЙ» деректі фильмдер онкүндігі жалғасуда. 2 желтоқсан күні «Көшбасшы күші» фильмі көрсетілді. Деректі фильмде Мемлекет басшысының Тәуелсіздік жылдарында атқарған еңбегі, әлемдік саяси сахнадағы орны туралы баяндалады. Оның жаһандық бастамалары да осы туындыда көрсетілген.

0U3A0603

Деректі фильм көрсетіліміне Астана қаласының мектеп оқушылары қатысты. Кейін оқушылармен бірге «Көшбасшы күші» фильмін Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты Мейрам Бегентаев талқылады. Балалардың сауалдарына жауап берген  М.Бегентаев жеткіншектердің бүгінгі күннің ахуалына үлкен қызығушылық танытатынына таң қалды:

- Н.Ә. Назарбаев Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуында негізгі роль атқарды. Біздің Елбасы өте қайсар адам, ол өте үлкен жұмыс істеді. Нәтижесінде, бүгінде Қазақстан бәсекелестікке қабілетті 50 ел қатарына енді.

Барлығымыз алтын балық туралы ертегіні білеміз. Ол не нәрсеге үйретеді? Ол бізге барға қанағат етуге үйретеді. Мен осы өмір тұжырымын ұстанамын,- деді депутат.

0U3A0586

Шара аяқталғаннан кейін қонақтар Елбасы кітапханасын аралап көрді.  Олар эскурсия барысында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының өмірі мен қызметіне, бастамалары мен идеяларына арналған көрмелер мен экспозияцияларды тамашалады.

0U3A0527Фото есеп MD-camera-photo-alt-2