ДНЕВНИКИ ДЕКАДЫ КИНО «ТҰҢҒЫШ-ПЕРВЫЙ». ДЕНЬ ШЕСТОЙ

«ТҰҢҒЫШ-ПЕРВЫЙ» онкүндігінің алтыншы күнінде «С Назарбаевым о главном...» деректі фильмі көрсетілді. Ұзақтығы бір сағатқа жуық фильм деректі хроника мен Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың КЕАҚ «ҚР Президенті Телерадиокешенінің» Бас директоры Ерлан Бекхожин қойған сауалдарына жауаптардан тұрады.

0U3A01433

Фильмнің ерекшелігі – Президент Н.Ә. Назарбаевтың бүгінгі күнгі пікірі  егемендіктің алғашқы жылдары айтқан ойларымен салыстыра отырып, сұхбат түрінде құрылған.

«С Назарбаевым о главном...» туындысында ел ішіндегі басты оқиғалар, реформалар, жемқорлық, құндылықтар, Ұлы жібек жолы, «Нұрлы жол» бағдарламасы және тағы басқа көптеген мәселелер төңірегінде әңгіме өрбиді. Президенттің бұрын-соңды айтпаған пікірлерін де осы фильмнен естуге болады. 

0U3A0206

Фильм көрсетілімінен кейін «ҚР Президентінің Телерадиокешіні» КЕАҚ Бас директоры Ерлан Бекхожинмен кездесу өтті.

- Бұл фильм сіздерге түсінікті болды деп үміттенемін. Өйткені, ол қабылдауға сәл қиындау. Себебі, сіздер көп нәрсені көрмегендіктен, білмейсіздер. Ал, Президенттің айтқанымен біздің экранда көрсеткеніміз   бұл тарихымыз. Жобаның ерекшелігі – тәуелсіздік алған жылдардағы өмірмен бүгінгі күнді салыстыруға мүмкіндік бар.   

Келесі жылы тәуелсіздігіміздің 25 жылдығын тойлаймыз. Аз уақытта көп оқиға болды. Оның барлығы түсінікті болуы үшін оны фильмде көрсетпек болдық.   

Ең алдымен фильм өскелең ұрпаққа бағытталған. Сіздер, жастар, оның потенциалды көрермендерісіздер. Мұны сіздер дұрыс қабылдап, түсінсе екен дейміз, - деді Е.Бекхожин.

0U3A0200