Дневники декады кино «ТҰҢҒЫШ-ПЕРВЫЙ». День пятый

Елбасы кітапханасында өткізіліп жатқан «ТҰҢҒЫШ-ПЕРВЫЙ» деректі фильмдер онкүндігінің бесінші күнінде Р.Әбдрашевтың «Балалық шағымның аспаны» туындысы көрсетілді. Киноэпопея Н.Ә. Назарбаевтың естеліктерінен жинақталған балалалық шағы туралы баяндайды.  

0U3A9688

Фильм Астана қаласының мектеп оқушыларына көрсетілді.

Құрметті қонақ ретінде шараға «Балалық шағымның аспаны» фильмінде басты рөлді сомдаған, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген өнер қайраткері Нұрлан Әлімжан қатысты.

Көрсетілімнен кейін қазақ кинематографиясының белгілі актерымен кездесу ұйымдастырылып, балалар сауалдарын қойды. Оқушыларды актердың өмірі, киноға қалай келгендігі, фильмнің түсірілімі барысында қандай қиындықтар туындағаны қызықтырды. Тіпті, оларды атпен шапқан өзі ме әлде басқа адам ба деген мәселе толғандырды.

0U3A9707

Жиналған көрермендеріне өз арманына жете білуді тілеген Н.Әлімжан, Тұңғыш Президент күнімен құттықтап, қиындықтарға мойымауға шақырды:

- Бәріміз ұйытқы болып жиналып отырған бірден-бір себебіміз ол, әрине өзіміздің қазақ елінің Тұңғыш Президенті, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ағамыз жайлы түсірілген фильмді көріп жатырмыз және міне, келіп жеткен баршамызға ортақ қуаныш – Тұңғыш Президент күні. Тұңғыш Президент күні баршаңызға құтты болсын!   

«Армансыз адам – қанатсыз құспен тең» дейді. Жалпы осы жерде отырған әрқайсыларыңыз көп нәрсені армандайсыз. Біріңіз әкім, біріңіз министр, біреу аудармашы, актер, президент болғысы келеді. Менің арманым актер болу болды, - деді ол.  

0U3A9868

Құрметті қонақ пен балалар үшін Елбасы кітапханасы бойынша экскурсия жүргізілді. Келушілер жуырда ашылған Н.Ә. Назарбаевтың өмірі мен қызметіне арналған «Тәуелсіздік және Тұңғыш Президент», мерзімді басылым – материалдарынан тұратын «Елбасы жолы – Путь Лидера»,  шетел мемлекеттерінің жоғары наградалары жинақталған «Әлем қадірлеген Елбасы» және интерактивтік «Қазақстанда президенттік институттың қалыптасуы мен дамуы» атты көрмелермен танысты.