Дневники декады кино «ТҰҢҒЫШ-ПЕРВЫЙ». День четвертый

Бүгін, 26 қараша күні Елбасы кітапханасында өткізіліп жатқан «ТҰҢҒЫШ-ПЕРВЫЙ» деректі фильмдер онкүндігінің төртінші күнінде «Нұрлы жол – лучи единства» туындысы көрсетілді.

0U3A9632

Қысқаметражды деректі фильмге Қазақ технология және бизнес университетінің, Еуразия гуманитарлық институтының, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда  университетінің студенттері мен Астана қаласының  менеджмент және бизнес Колледжінің оқушылары қатысты.

0U3A9617

Құрметті қонақ ретінде шараға жазушы, Қазақстан жазушылар Одағының Мүшесі, экономика ғылымдарының докторы, профессор Мырзагелді Кемел шақырылды.

Сондай-ақ, жас көрермендер үшін Елбасы кітапханасы бойынша  экскурсия жүргізілді. Оның барысында Елбасының өмірі мен қызметіне қатысты материалдар туралы толық ақпарат берілді.

Ертең, 27 қарашада Елбасы кітапханасының киноконцерт залында сағат 15:00-де «ТҰҢҒЫШ-ПЕРВЫЙ» онкүндігі аясында «Балалық шағымның аспаны» фильмі тамашаланады. Президенттің естеліктерінен жинақталып, фильм ретінде жарық көрген режиссёр Рүстем Абдрашевтың туындысында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың өмірі туралы баяндайлады.