3 желтоқсан күні Елбасы кітапханасына ТүркПА VI пленарлық отырысының қатысушылары келді (Түркітілдес мемлекеттердің Парламенттік Ассамблеясы).
Түркітілдес мемлекеттердің Парламенттік Ассамблеясы 2008 жылдың 21 қарашасында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың ұсынысымен құрылды. Құрамында Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия бар. Бірінші пленарлық отырыс 2009 жылдың 29 қыркүйегінде Баку қаласында өтті.
Құрметті қонақтар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған көрмелермен, Елбасының жаһанды бастамаларына арналған экспозициялармен танысты тамашалады.
Елбасы кітапханасында жинақталған дүние арасында «Әлемді өзгертетін идеялар» білім беру орталығы ерекшеленеді. Сол себепті, келушілердің қызығушылығын туғызады. Аталған орталық ақпараттық технологиялар арқылы Қазақстан Президентінің идеялары мен бастамалары, оның жетістіктері туралы баяндайды. Орталықтың жұмысымен танысқан пленарлық отырыстың мүшелері оның мүмкіндіктеріне таң қалды.
Сондай-ақ, келушілер назарына Президент Н.Ә. Назарбаевтың өзі жинақтаған кітаптар жиынтығы ұсынылды. Экскурсия соңында қонақтар Елбасы кітапханасына фарфордан жасалған декоративтік табақ сыйлады.


