4 желтоқсан күні Қарағанды және Ақмола облыстарының мектеп оқушылары «Ұлт жоспары – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асырудың 100 нақты қадамы» бойынша білімдерін жетілдірді.
Балалаларға сертификаттар мен естелік сыйлықтарды «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» ММ атқарушы директоры Бейсембай Жұмабеков табыстады.
Оқушыларды курсты сәтті аяқтағанымен құттықтаған Б.Жұмабеков:
- Біз сіздерді Елбасының кітапханасына бес институционалдық реформаларды игеру үшін, оның негізгі механизмдері мен оның іске асыруындағы 100 нақты қадаммен жақынырақ таныстыру мақсатымен шақырдық. Оның барлығы адамдар өмірі сапасының өзгеруіне бағытталған және біз оған жүйелі түрде жетеміз. Бірнеше жылдан кейін сіздер мектепті аяқтап, жоғары оқу орындарында оқитын боласыздар, яғни жаңа жаһандық әлемдегі жаңа Қазақстанды құруға белсенді атсалысасыздар, - деді.
Ақмола мен Қарағанды облыстарынан келген 9-10 сыныптарының 46 оқушысы екі күн бойы ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының, Л.Н. Гумилев ат. ЕУҰ ғалымдары, ғылым докторлары, профессорлары өткізген семинар-тренингтерге қатысып, «Кәсіби мемлекеттік аппарат құру», «Заңның үстемдігін қамтамасыз ету», «Индустрияландыру және экономикалық өсім», «Біртұтас болашақ ұлты», «Есеп беретін мемлекетті қалыптастыру» тақырыптарында авторлық дәрістер курсын тыңдады.

Семинарға белсенді түрде араласқан балалар оқытушыларға көп сауал қойып, өз ойларымен бөлісіп отырды. Елбасы кітапханасының қызметкерлері интерактивті үстелдер арқылы тәжірибелік сабақтар өткізді. Сондай-ақ, балалар үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі және Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейіне экскурсиялар жүргізілді.
- Семинар-тренинг ұйымдастырушыларына және осында келуімізге себеп болған адамдарға ризашылығымды білдіремін. Лекциялар ақпаратқа толы да қызықты болды. Менің ойымша, бұл көптеген жеткіншектің болашақ жолын таңдауға көмектеседі. Біз Елбасының кітапханасына, Астанаға келгеніміз үшін өте бақыттымыз. Енді, менде еш күмән жоқ. Мен Қазақстан Республикасының жанашыр азаматы болуым үшін, маған мемлекеттің артқан үмітін ақтауым үшін қарқынды оқып, еңбектенгім келеді. Сөз соңында, құрметті Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа денсаулық пен ұзақ ғұмыр тілеймін, — деді Қарағанды қаласынан келген Кристина Хван.

Ислам Рахат (Теміртау қаласы):
- Менің ойымша, біздің Президентіміздің бес институционалдық реформаларын оқытуға арналған семинар-тренингтердің жастарға берері мол, өйткені бүгінде Қазақстан саясаты туралы барлығымыздың білуіміз шарт. Ал, мемлекетіміздің саясаты туралы өзімізім сияқты жасөспрімдердің көптеп білуі үшін біздер қоғамда белсенділік танытуымыз керек. Семинар-тренингтер маған өте ұнады, оқытушыларға көп рахмет. Реформаларға жетелейтін қадамдардың барлығын мұқият оқып алдық.
Аталған бес институционалдық реформа біздің мемлекетімізге әбден сіңбейінше осы жерде отырғандардың барлығына осы реформалар туралы айтып жүруге ұсыныс жасаймын.

2015 жылдың 1 қазан айында бастау алған «Әлемді өзгертетін идеялар» семинар-тренингтері 2016 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады. Елбасы кітапханасының білім беру жобасына Республика бойынша жалпы білім беру мектептерінің 9-10 сынып оқушылары, колледж оқушылары және жоғары оқу орындарының 2-4 курс студенттері қатысады.
Бүгінгі күнге дейін «Әлемді өзгертетін идеялар» семинар-тренингтерінен Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 802 жеткіншек өтті.

