Библиотеку Лидера Нации посетил Генеральный директор Государственного Эрмитажа Михаил Борисович Пиотровский

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасына Мемлекеттік эрмитаждың бас директоры Михаил Борисович Пиотровский келді. Михаил Пиотровский тарих ғылымдарының докторы, профессор, РҒА корреспондент-мүшесі, Ресей музейлері Одағының төрағасы, Халықаралық музейлер кеңесінің мүшесі (ИКОМ), тарихшы-шығыстанушы, арабист, ислам зерттеуші болып табылады. Сол себепті Елбасы кітапханасы оны аса қызықтырды.

0U3A0583

Қадірлі мейман үшін интерактивтік білім беру орталығы мен Мемлекет басшысының жеке кітапханасы бойынша экскурсия ұйымдастырылды. Кітапхананың атқаратын жұмысымен, алдына қойған мақсаттарымен Елбасы кітапханасының атқарушы директоры Бейсембай Қуанышұлы Жұмабеков таныстырды.
Кітапхана қоры мазмұнының кеңдігіне таң қалған Михаил Борисович Пиотровский ғимараттың ерекшелігімен әсерленгенін жеткізді.