Библиотека Лидера Нации открывает доступ к мировым электронным ресурсам

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті  - Елбасы кітапханасы оқырмандарға 70-тен астам отандық және шетелдік ақпараттық ресурстарға қол жеткізуін қамтамасыз етеді. Олардың арасында пайдаланушыларға әлемдегі соңғы ғылыми жетістіктер туралы ақпарат алу және оларды кәсіби және ғылыми қызметінде қолдануға  мүмкіндік беретін - ғылыми дерекқорлар, ақпарат және талдау орталықтары, электронды кітапханалар бар.

31 желтоқсанға дейін Кітапхана сайты арқылы барлық пайдаланушылар үшін әлемдік баспалардың бірқатар ақпараттық дерекқорларына «Euromonitor International» (әлемдегі 210 елдің экономикалық зерттеулерін және талдау есептерін жариялайтын халықаралық зерттеу компаниясы) «Taylor & Francis» (жыл сайын 1800–ден астам жаңа академиялық кітаптар және 1000 журнал жариялайды), «Wiley-Blackwell» (1500-ден астам  ғылыми журналдар мен кітаптарды, 750 ғылыми әдебиетті қамтиды), EBSCO Publishing (әлемдегі жетекші баспалардың ғылыми ресурстарының  ірі агрегаторы 3000-нан астам журналдардың толық жинағын ұсынады) шектеусіз қол жеткізу мүмкіндігі бар.

Электрондық ресурстардың мазмұнымен «Электрондық ресурстар» бөлімі арқылы танысуға болады.

Электрондық ресурстар туралы азаматтар хабар ма жоқ па? Оларды  пайдалану дәрежесін, сондай-ақ пайдаланушылардың жаңа қажеттіліктерін анықтау мақсатымен және аса сұранысқа ие ресурстарға қол жеткізуді қамтамасыз етуді жалғастыру үшін, Елбасы кітапханасы сауалнама жүргізеді. Құрметті оқырмандар, Кітапхана сайтында орналастырылған онлайн Сауалнама сұрақтарына жауап беруіңізді сұраймыз.