25 основ независимости: глобальные инициативы

Еліміздің мерейлі белесіне арналған «25 жұлдызды күн» аясындағы мерекелік шаралар легі жалғасын табуда. Бүгін Елбасы кітапханасында Елбасының жаһандық бастамалары галереясы ашылды. Келушілердің назарына еуразиялық өңірдің және жер-жаһанның геосаяси кеңістігін дамытуға жаңа серпін берген Мемлекет басшысының стратегиялық идеялары паш етілді.

0U3A0355

– Жаһандық бастамалар галереясы Елбасымыз ұсынған идеялардың маңыздылығына және ауқымдылығына баса назар аударады. Олардың әрқайсысы стратегиялық тұрғыда аса маңызды.  Мемлекет басшысының ықпалдастық, бітімгерлік бастамаларын жастарға жан-жақты түсіндірілді. Олар Президентіміздің жаһандық идеяларын зерделеген және екшелеген авторлардың еңбектерімен танысты. Бүгінде Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбектеріне отандық әрі шетелдік қауымдастықтың назары артты, - деп шараның мәніне Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы директорының орынбасары Жапсарбай Қуаныш тоқталды.

Экспозицияға Мемлекет басшысының жаһандық қауіпсіздікті нығайтуға, ықпалдастықты күшейтуге бағытталған идеялары және бітімгерлік бастамалары арқау болды. Жаңа стратегиялық көкжиектерге жол ашқан Елбасының бейбіт өмірге үндейтін «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі, Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңесті, Еуразиялық одақтың іргесін қалау, Шанхай ынтымақтастық ұйымын құру идеяларын мазмұнды және тағылымды 40-қа жуық кітап арқылы паш етілді.

0U3A0372

Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи жобалары, жаһандық бітімгерлік және ықпалдастық идеялары Елбасы кітапханасының ғылыми-білім беру кешеніндегі «Бастама және әріптестік» тақырыбындағы интерактивті үстел мазмұнының мәйегіне айналды. Білім берудің таптырмас құралы ауқымды 8 тақырыпқа негізделеді. Жазылған мәтінді дәйектеу үшін архивтегі 200 құжат жан-жақты зерделеніп, олардың 23-і іріктеп алынды. Аса құнды әрі тарихи 53 фотосурет интерактивті үстелге жүктелген. Тарихи құжаттармен жиынға қатысқан жастар танысып, интерактивті үстел арқылы білімдерін жетілдірді.

Сонымен қатар тағылымды шара барысында Мемлекет басшысының бастамалары жайлы фильм көрсетілді.

0U3A0376