Выставка «Әлем қадірлеген Елбасы» продлится до 29 января

Елбасы кітапханасына келушілердің өтініші бойынша «Әлем қадірлеген Елбасы» атты шетел мемлекеттерінің жоғары наградалары көрмесі 29 қаңтарға дейін жалғасатын болды.

Өткен жылдың қараша айында ашылған көрмеде әр жылдары Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевқа берілген шетел мемлекеттерінің 40 жоғары наградаларының түпнұсқалары ұсынылған. Аталған наградалар Мемлекет басшысына елдер арасындағы достық пен ынтымақтастық қарым-қатынасты дамытуға қосқан зор үлесі үшін берілген.

Көрмеге қойылған әр награданың өзіндік ерекшелігі бар. Мәселен, 2000 жылы Ұлыбританияның жоғары наградасы - «Әулие Михаил мен Әулие Георгий Үлкен Орденінің Кресі» Қазақстан Президентіне ядролық қарусыздандыруға қосқан үлесі үшін  табысталса, Ватикан мемлекетінде Нұрсұлтан Назарбаевқа мемлекетті басқарудағы өнері мен таланты үшін «Пий Ордені» берілді.

Кітапханаға келушілер 2016 жылдың 29 қаңтарына дейін дүйсенбіден жұма күндері сағат: 10:00, 11:00, 12:00, 15:00, 16:00, 17:00-ге дейін осы тамаша  көрмемен таныса алады.

Кіру тегін. Елбасы Кітапханасының ғимаратына кіру үшін жеке куәлік қажет.