УРОКИ КАЗАХСТАНСКОЙ ИДЕНТИЧНОСТИ В БИБЛИОТЕКЕ ЛИДЕРА НАЦИИ

31 мамыр күні сағат 11.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында  «Қазақстандық біртектілік және жалпыұлттық бірлік тағылымы» атты дөңгелек үстел өтеді.

Елбасы кітапханасының жобасы Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеуге арналған және Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ мен ҚХА кафедралары қауымдастығымен бірге өткізіледі.

Дөңгелек үстелде Қазақстан халқы ассамблеясының XXIV сессиясында қабылданған «Мәңгілік ел» жалпыұлттық патриоттық актіні талқылау және бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында белгіленген міндеттердің орындалуы аясында тәжірибе алмасу жоспарланған.

Ғалымдар, қоғам қайраткерлері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, жоғарғы оқу орнының студенттері мен мұғалімдер шақырылады. Қатысу жөнінде ұйымдастыру комитетіне хабарласуға болады: e-mail: akbota68@mail.ru, тел.: 8(7172) 69-30-62, Хамитова Акбота Камойовна.