СОКРОВЕННЫЕ СТРУНЫ ДУШИ: ПЕСЕННОЕ ТВОРЧЕСТВО Н. А. НАЗАРБАЕВА

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» ММ, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры және «М. Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайы» МКҚК  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күніне арналған жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасындағы «Көңілдің асыл пернесі: Н. Ә. Назарбаевтың ән шығармашылығы» ашық республикалық шығармашылық конкурсын жариялайды.

Конкурстың мақсаты жас таланттардың шығармашылық қызметін белсендіру және қолдау, Н. Ә. Назарбаевтың ән шығармашылығын зерделеу және насихаттау арқылы олардың музыкалық-теориялық пәнге деген қызығушылығын арттыру болып табылады.

«Көңілдің асыл пернесі: Н. Ә. Назарбаевтың ән шығармашылығы»  жалпы қалалық шығармашылық конкурсын 2015 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Музейі Махамбет Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайының шығармашылық ұжымымен бірлесіп жүзеге асырды. 2017 жылы Елбасы Қорының қолдауымен конкурс республикалық мәртебесіне ие болды. Үш жыл ішінде конкурсқа республиканың барлық өңірінен 2000 астам жас орындаушылар қатысып, өздерінің вокалдық қабілеттерін көрсетті.  

Конкурс ұлттық және жалпыадамзаттық тәжірибені іске асырудың феноменалды құралы ретінде ән шығармашылығын өзектендіру, тұлға дамуының бай ресурсы ретінде Н. Ә. Назарбаевтың ән және ақындық шығармашылығын насихаттау және көпшілікке тарату, оқушы жастардың құндылық бағдарларын қазақстандық қоғамның рухани-адамгершілік және мәдени дәстүрлері тұрғысынан қалыптастыру, музыкалық өнердің түрлі жанрларында жас дарынды орындаушыларды анықтау және қолдау көрсету міндеттерін көздейді.

Конкурсқа өтініштер 2018 жылдың 9 қарашасына дейін қабылданады. Астана қ. қатысушылары үшін әндерін тыңдау және іріктеу туры 20 қараша күні сағ. 12:00-де Махамбет Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында болады.

Конкурстың финалы 24 қараша күні сағ. 12:00 өтеді. Финалисттер үшін жиынтық репетициясы 25 қарашаға белгіленген. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 26 қараша күні сағ. 15:00-де  Назарбаев орталығының Атриумында өтеді.

Конкурс 3 номинация бойынша өткізіледі:

– «Бабамнан қалған кең дала» (Н. Ә. Назарбаевтың авторлық әндерін орындау);

– «Президенттің сүйікті әндерінің толқынында» (Н. Ә. Назарбаевтың сүйікті әндерін орындау);

– «Қасиетті домбыра» (Елбасының сүйікті әндерін немесе оның авторлық шығармаларын домбыраның сүйемелдеуімен орындау).

Конкурсант ұзақтығы 4 минуттан аспайтын бір шығарманы орындайды.

Шығарма жанды дауыста орындалады. Материалдар Flash – жинақтаушы және CD – дискпен тапсырылады.  

Конкурсқа республиканың жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары, вокальдық ұжымдық топтар (соло, дуэт, трио және квартет) қатыса алады.

Жас санаттары келесідей анықталды: 

– бірінші – 12-ден 14 жасқа дейін;

– екінші – 15-тен 17 жасқа дейін.

Өтініштер мен қосымша құжаттар 2018 жылдың 9 қарашасына дейін келесі мекен-жайға жіберілуі керек:

Астана қ., Бейбітшілік к., 11, индекс 000001.

– «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Кітапханасы» ММ

Байланыс тел / факс: 8 (7172) 75-75-12-12; 8 (7172) 75-13-70

e-mail: saya_zhakupova@mail.ru

Үйлестіруші: Жақыпова Саягүл Құрбанқызы

 

М. Өтеміұлы атындағы Оқушылар сарайы, Ә. Мәмбетов к.,, 1.

Үйлестіруші: Джапарова Алмагуль Борисовна

Байланыс тел / факс: 8 (7172) 32 49 89 моб: +7 701 999 50 14

e-mail: dvorecskool@mail.ru

 

Конкурс туралы барлық ақпарат ұйымдастырушылардың келесі сайттарына орналастырылады: www.presidentlibrary.kz., www.fpprk.kz  және www.dvor.kz.