Приглашаем жителей, а также гостей столицы посетить Библиотеку Лидера Нации

4 шілде күні Елбасының кітапханасында Астана күніне арналған онкүндік аясындағы мерекелік шаралар сағат 10:00-18:00 аралығында  өтеді.

Бірегей мұрағат құжаттары мен фотодеректердің 5 көрмесін тамашалауға болады: «Елбасы Әлемі: Тұлға. Саясаткер. Жасампаз», «Естелікке қолтаңба», «Астананың болашағы – балалардың көзімен»,  «Еуразия жүрегінде», «Абыройы асқақтаған Астана».

Кітапханадағы робот-гид экскурсия және зияткерлік викторина өткізеді. «Елбасы жолы» киноэпопеясының екінші бөлімі «Отты өзен», «Теміртау» көркем фильмдері сағат 10:00-де орыс тілінде; 15:00-де мемлекеттік тілде көрсетіледі.