ПРИГЛАШАЕМ ЖИТЕЛЕЙ И ГОСТЕЙ ГОРОДА АСТАНЫ В БИБЛИОТЕКУ ПЕРВОГО ПРЕЗИДЕНТА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН – ЛИДЕРА НАЦИИ

7 шілде күні Елбасының кітапханасында Астана күніне арналған онкүндік аясындағы мерекелік шаралар сағат 10:00-де басталып, 18:00-ге дейін жалғасады.

Зияткерлік ойында бақ сынауға ниет білдіргендер үшін шахмат турнирі өтеді. Оған қаламыздың кез келген тұрғыны және мейманы қатыса алады.

Бірегей мұрағат құжаттары мен фотодеректердің 5 көрмесін тамашалауға болады: «Елбасы Әлемі: Тұлға. Саясаткер. Жасампаз», «Естелікке қолтаңба», «Астананың болашағы – балалардың көзімен»,  «Еуразия жүрегінде», «Абыройы асқақтаған Астана». Сағат 10:00, 15:00 «Елбасы жолы» киноэпопеясының үшінші бөлімі «Тығырықтан жол тапқан» көркем фильмі екі тілде көрсетіледі.

Сағат 11:00-18:00 аралығында «Кемел Ел» мәдени-білім беру жұмысы және жастарды тәрбиелеу орталығы мүшелерімен «Әлемді өзгертетін идеялар» интерактивтік сабағы өтеді.

Мейрамға орай «Астананың болашағы – балалардың көзімен» тақырыбындағы көрменің жас дарындылары өздерінің суреттерінен тұратын альбомды Елбасына сыйға тартты.

Кітапханадағы робот-гид жәдігерлер бойынша экскурсия жүргізеді. Айдос ниет білдіргендер үшін зияткерлік викторина өткізіп, сауалдарға мүдірмей жауап бергендерге сертификат табыстайды.