ПРИГЛАШАЕМ ЖИТЕЛЕЙ И ГОСТЕЙ ГОРОДА АСТАНЫ

8 шілде күні Елбасының кітапханасында Астана күніне арналған онкүндік аясындағы мерекелік шаралар сағат 10:00-де басталып, 18:00-ге дейін жалғасады.

Поэзияны жанына серік еткен 20-дан астам адам «Астана және Елбасы» тақырыбында өлең оқиды. Оған қаламыздың кез келген тұрғыны және мейманы қатыса алады. Шара соңында Елбасы кітапханасының қызметкерлері қатысушыларды алғыс хаттармен марапаттайды.  

Бірегей мұрағат құжаттары мен фотодеректердің 5 көрмесін тамашалауға болады: «Елбасы Әлемі: Тұлға. Саясаткер. Жасампаз», «Естелікке қолтаңба», «Астананың болашағы – балалардың көзімен»,  «Еуразия жүрегінде», «Абыройы асқақтаған Астана».

Робот-гид Айдос  жәдігерлер бойынша экскурсия жүргізеді, зияткерлік викторина өткізіп, сауалдарға мүдірмей жауап бергендерге сертификат табыстайды.