Победители «Наурызовских встреч» выступят в  Библиотеке Лидера Нации

Ағымдағы жылдың 23 наурызында сағат 14.30-да Елбасы кітапханасында Назарбаев Зияткерлік мектептері оқушылары – STEM (Ғылым. Технология. Инжиниринг. Математика) жобасы конкурсының жеңімпаздарымен кездесу өтеді.

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің биылғы «VI Наурыз кездесулері» және STEM ғылыми жобалар конкурсы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған.  

Кездесу бағдарламасында – Елбасы кітапханасына экскурсия, конкурс жеңімпаздары жобаларының (макеттер) көрмесі, жеңімпаздар жобаларының презентациясы, конкурсқа қатысушы оқушылардың Елбасы кітапханасының интерактивті ғылыми-білім беру кешені бойынша оқыту курсы. Сондай-ақ кездесу барысында талантты да талапты оқушылар Қазақстанның Еңбек Ері, атақты кардиохирург, медицина ғылымдарының докторы, «Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталық» АҚ Басқарма төрағасы Юрий Владимирович Пямен кездеседі.

Бұл іс-шараға барлығы 180 оқушы келеді. Олар еліміздің өңірлері мен Назарбаев Зияткерлік мектептерінің әртүрлі салада ғылыми жобалар мен зерттеулер жүргізген, өнертапқыштық қырымен танылған және жаңа идеялар ойлап тапқан талантты оқушылар болып табылады.

Сонымен қатар «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДБҰ «Наурыз кездесулері» жобасына Назарбаев Университеті, Ұлыбритания, Германия, Оңтүстік Корея, Ресей Федерациясының ғалымдары да шақырылған.    

STEM немесе HTTM (жастардың ғылыми-техникалық шығармашылығы) – дамыған елдердің білім беру жүйесіндегі басымдыққа ие бағыттарының бірі.

Елбасы кітапханасындағы интерактивті кешендер контенті Қазақстан Респбуликасының Тұңғыш Президенті – Елбасының идеялары мен бастамаларын, егеменді елімізді дамыту мен қалыптастырудағы Елбасы рөлі, тәуелсіз Қазақстан тарихын кеңірек танытуға арналған.