ОТКРЫТИЕ ВЫСТАВКИ ДИПЛОМНЫХ РАБОТ ВЫПУСКНИКОВ ДЕТСКОЙ ШКОЛЫ ИСКУССТВ Г. СЕМЕЙ

2018 жылдың 21 ақпанында сағат 11.00-де Елбасы кітапханасы Музейінің ғимаратында Семей қаласындағы Балалар өнер мектебі түлектерінің дипломдық жұмыстары көрмесінің ашылуы өтеді.

Елбасы кітапханасында Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына орай балалар шығармашылығын қолдау бойынша «Туған өлкем» жаңа көркемдік бағдарламасы өз жұмысын бастайды. Бағдарламаның серіктесі – «Балалық шақтан көзқарас» жобасын іске асырушы Астана қаласы Балалар көркемсурет мектебі – ЮНЕСКО клубы.

Бағдарламаның 2018 жылғы басты тақырыбы – Астананың 20 жылдығы. Мерейтой қарсаңында Елбасы кітапханасында ұйымдастырылатын көптеген мәдени іс-шаралардың алғашқыларының бірі – осы көрме болмақ.

Балалар шығармашылығын қолдау бойынша «Туған өлкем» жаңа бағдарламасы жас таланттарды анықтау және республиканың қосымша білім беру мекемесінің жұмысын дәріптеуге негізделген.

Бағдарламаның аясында елорданың қонақтары мен тұрғындары республиканың балалар көркемсурет мектептері тәрбиеленушілерінің үздік деп танылған дипломдық жұмыстарымен танысса, бағдарламаның қатысушылары өнердегі өз жетістіктерін орталық алаңда көрсетуге мүмкіндік алады. Жыл сайын жоба аясында әртүрлі қалалар мен өңірлер өз жұмыстарын ұсынады, ағымдағы жылдың ішінде Семей қаласынан басқа Павлодар, Шымкент және Екібастұз қалаларынан көркемсурет мектептері балаларының қатысуы жоспарлануда.

Елбасы кітапханасының алаңында қазақстандық балалардың шығармашылық қырларын ашатын шеберлік-сыныптар, пленэрлер, шығармашылық кездесулер ұйымдастырылатын болады. Көрме ашылған күні 11.30-да Семей қаласы Балалар көркемсурет мектебінің педагогі Жеңіс Мадиярұлы Мукушевтің «ПВХ-дағы нақыш. Пейзаж» шеберлік-сыныбы өтеді.

Көрмеде 70-ке жуық, кескіндеме, графика, сәндік-қолданбалы және мүсін өнер түрлері бойынша туындылар ұсынылады. Аталмыш көрме соңғы үш жылдағы мектеп түлектерінің үздік дипломдық жобаларынан жинақталған оқушылардың шығармашылық жетістіктерін ғана емес, педагогтердің кәсіби жетістіктерін де көрсетеді.

 

Көрме 2018 жылдың 25 наурызына дейін жалғасады.

Мекенжайымыз: Астана қаласы, Бейбітшілік к-сі, 11.