О традициях Великой Степи расскажут в Библиотеке Лидера Нации

Ағымдағы жылдың 18 наурызында сағат 15.30-да Елбасы кітапханасында ҚазГЗУ гуманитарлық-заң колледжі және Астана қ. медициналық колледжі студенттері Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің Түркология және алтайтану ғылыми зерттеу институтының директоры, профессор Қаржаубай Сартқожамен кездеседі.

Кездесу кеші Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу аясындағы «Ұлы Дала дәстүрлері» айлығына (наурыз айы) арналған.

Аталған кездесу бағдарламасында Елбасы кітапханасының экспозициялық-көрме залына экскурсия, «Тәуелсіздік - Ұлы Дала арманы» кітап көрмесін таныстыру, «Ұлы дала, Түркінің қас санаты» бейнеролик көрсетілімі, Алғыс айту күніне арналған «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» экспозициясымен таныстыру, ғалым еңбектерін көрсету, кеш қонағымен сұхбат, сұрақ-жауап бөлімі, «Әлемді өзгертетін идеялар» семинар-тренинг тыңдаушыларына сертификаттар табыстау рәсімі, автордың «Тілектер кітабына» естелік-тілегін жазуы.  

Іс-шараға Елбасы кітапханасының «Әлемді өзгертетін идеялар» әлеуметтік жобасы аясындағы семинар-тренингтің тыңдаушылары, оқушы жастар, оқырмандар мен Кітапхана қызметкерлері қатысады.

Қаржаубай Сартқожаұлы Кемал Ататүрік атындағы Халықаралық түркі тарихы академиясының мүшесі болған қазақстандық тұңғыш ғалым. Қ.Сартқожаұлы Моңғолия Ғылым академиясының түркі-қазақ ғылыми орталығының директоры, 2001 жылдан Еуразия ұлттық университетінің Эпиграфика және этнография лабораториясының меңгерушісі қызметін атқарған. Тарих ғылымының кандидаты, профессор. «Қош бол, апа!», «Қыранның қазасы», «Сәйгүліктер» атты көркем прозалық кітаптардың, 100-ге жуық ғылыми мақалалардың авторы. Қаламгердің «Бір автобустағылар» (1986) атты кітабы моңғол тілінде жарық көрген. «Этнокультурный связь древно-тюркского-уйгурского каганата» (Алматы, 1988), «Объединенный каганат тюрков», (Астана, 2001) ғылыми кітаптары шыққан. 80-ге жуық ғылыми мақалалары Москва, Ұланбатыр, Бейжін, Ыстамбұл, Лондон, Париж, Алматы, Астана қалалары ғылыми басылымдарында жарық көрген.