Награждение победителей Республиканского конкурса «Идеи, меняющие мир»

15 желтоқсан күні сағат 12:00-де Елбасы кітапханасында «Әлемді өзгертетін идеялар» Республикалық байқауының қорытындысы шығарылады, жеңімпаздарды марапаттау шарасы өтеді.

Шараға Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты  Әсима Бимендина, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрілі мектепке дейінгі және орта білім беру Департаментінің директоры Жаңыл Жонтаева, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрайымы Күләш Шәмшідинова, сайыскерлер, комиссия мүшелері, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің мұғалімдері қатысады.

Байқауды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-мен бірлесе ұйымдастырды. Мақсаты – Қазақстан Республикасының Президенті                                  Н.Ә. Назарбаевтың бастамалары мен идеяларын білім беру мен тәрбие жұмысында қолданудың жаңа әдістерін анықтау. Сайысқа елдің барлық өңіріндегі  Назарбаев Зияткерлік мектептерінің ұстаздары қатысты.

«Әлемді өзгертетін идеялар» байқауы биылғы жылдың қыркүйек айында бастау алды. Оқу ордаларында өткен бірінші іріктеуден кейін мұғалімдердің  жұмыстары Елбасы кітапханасына жіберілді. Байқаудың екінші кезеңінің қорытындысын арнайы құрылған комиссия шығарды.

Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың еңбектері бойынша 49 мұғалімнен 40 жоба ұсынылды.

Байқаудың ақтық сынында 10 жұмыс қарастырылады. Қатысушылар өз жұмыстарын комиссия алдында қорғайды. Байқау комиссиясының төрағасы – «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» ММ атқарушы директоры Бейсембай Жұмабеков.

 

Аккредитация үшін: 8 7172 69-30-53/54

е-mail: pr@plibrary.kz, presidentlibrary.pr.kz@gmail.com