НАГРАЖДЕНИЕ ПОБЕДИТЕЛЕЙ I МЕЖДУНАРОДНОГО КОНКУРСА «СБЕРЕЖЕМ ЭНЕРГИЮ СЕГОДНЯ, СОХРАНИМ ПРИРОДУ В БУДУЩЕМ»

2017 жылғы 16 маусымда сағат 15.00-де ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасында (Ә.Бөкейхан к-сі, 10) «Бүгін энергияны үнемдесек, болашақта табиғатты сақтап қаламыз» атты көрменің салтанатты ашылуы және І халықаралық балалар шығармашылығы байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді. Іс-шараны Елбасы Кітапханасының «Балалық шақтан көзқарас» балалар жобасының аясында Астана қаласының Балалар көркемсурет мектебі – ЮНЕСКО клубымен бірлесе ұйымдастырды.

Бұл көрме Астананың 20 жылдығына және «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрме жұмысының басталуына арналған балалар шығармашылығы байқаулары циклінің қорытындысы болып табылады.

Байқауға ТМД мемлекеттерінен (Қазақстан, Ресей, Белорусь және Украина) талантты балалардың 500-ден астам жұмыстары жолданды. Қатысушылардың жас аралығы 5–17 аралығында. Байқауға қатысқан барлық жұмыстарды Халықаралық педагог-суретшілер одағы, ҚР Суретшілер одағы, өнер қайраткерлері және ҚР еңбегі сіңген суретшілерден құралған кәсіби қазылар алқасы бағалады. Нәтижесінде 100-ден астам үздік жұмыс іріктеліп, олар көрменің экспозициясында көпшілік назарына ұсынылады.

«Бүгін энергияны үнемдесек, болашақта табиғатты сақтап қаламыз» байқауы балаларға экологиялық тәрбие беру, олардың экологиялық мәдениеті мен экологиялық сана-сезімін арттыру, Достастық елдердегі өскелең ұрпақ арасында бейнелеу өнерін насихаттау, шығармашылық әлеуетті дамыту мақсатында ұйымдастырылды.

І халықаралық байқаудың жеңімпаздары үшін ауқымды мәдени бағдарлама ұйымдастырылып, Елбасы кітапханасының бірегей ғимараты бойынша экскурсия өткізіледі.