Международная конференция «Внешняя политика США и ее реализация в Центральной Азии»

 

Ағымдағы жылдың 18 наурызы күні Елбасы кітапханасының Талдау кешені ҚР Қорғаныс министрлігі жанындағы Әскери стратегиялық зерттеулер орталығы және америкалық Хадсон институтымен бірлесе отырып «АҚШ-тың сыртқы саясаты және оның Орталық Азияда іске асуы» тақырыбында халықаралық конференция өткізеді. Іс-шара Қазақстан Республикасындағы Америка Құрама Штаттарының Елшілігі қолдауымен ұйымдастырылады. Конференция «Назарбаев орталығы» үшін дәстүрге айналған ашық пікірталас форматында өтеді.

Конференцияның басты спикерлері - Әскери стратегиялық зерттеулер орталығының президенті, генерал-майор Қозы-Көрпеш Жапарханұлы Қарбозов және Хадсон (Hudson Institute) институтының әскери және саяси талдау орталығының директоры Ричард Вайц болады.

Генерал-майор Қозы-Көрпеш Қарбозов әскери және ұлттық қауіпсіздік, ласкестікпен және экстремизммен күрес саласындағы танымал практик-маман болып табылады. ҚР құқыққорғау органдары жүйесінде және Ұлттық қауіпсіздік комитетінде басшылық қызметтерде еңбек еткен. 2013 жылдың қазан айынан ҚР Қорғаныс министрлігі жанындағы Әскери стратегиялық зерттеулер орталығының президенті, Қ.Ж. Қарбозов ҚР сыбайлас жемқорлық қылмысын тергеу, ҚР-дағы алдын ала тергеудің процессуалды актілері, Қазақстанда лаңкестік әрекеттерді ашу және тергеудің теориялық-әдіснамалық аспектілеріне арналған 70 ғылыми еңбек пен 17 кітап жазған.

Доктор Вайц ТМД елдері бойынша маманданған АҚШ-тың сыртқы саясаты, қауіпсіздік және халықаралық қатынастар саласындағы танымал сарапшы болып табылады. Сондай-ақ қазіргі таңда доктор Вайц Еуропа, Еуразия мен Шығыс Азия өңірлік қауіпсіздігін зерттеумен де айналысуда.

Маңызды іс-шараға Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты, халықаралық және ұлттық қауіпсіздік саласындағы зерттеушілер, талдау құрылымдары мен ведомстволары қызметкерлері,  «Саясаттану», «Халықаралық қатынастар» мамандығының студенттері мен докторанттары және барлық мүдделі тұлғалар қатысады.

Конференция барысында Түркияның өңірдегі жаңа рөлі, жаһандық қауіпсіздіктегі Қытайдың орны, оның ішінде Ресеймен өзара қатынасқа қатысты, Еуразиядағы халықаралық саясат және Қазақстанның рөлі мен бүгінгі күннің өзекті тақырыптары талқыланады.