МЕЖДУНАРОДНАЯ КОНФЕРЕНЦИЯ «КАЗАХСТАН-РОССИЯ: СОЮЗНИЧЕСТВО, УСТРЕМЛЕННОЕ В БУДУЩЕЕ»

Үстіміздегі жылдың 28 ақпанында «Назарбаев орталығында» Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының дипломатиялық қатынасына арналған «Қазақстан-Ресей: болашаққа бағытталған одақтастық» халықаралық конференциясы өтеді.

Іс-шараны ҚР Тұңғыш Презденті – Елбасы кітапханасының Талдау орталығы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры, «Север-Юг» саяси орталығы және Қазақстан-Ресей сарапшыларының IQ-клубы ұйымдастырып отыр.

Былтыр Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы дипломатиялық қатынастардың 25 жылдығын атап өткен еді. Осы жылдар ішінде ортақ мүдделерді көздеген қос елдің арасында жылдан жылға дамып, нығая түсетін мызғымас әріптестік қарым-қатынас орнады. Ресей Федерациясы Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін мойындаған алғашқы мемлекеттердің бірі. Екі ел арасындағы қарым-қатынас ынтымақтастықтың кең көлемді салаларында берік бекіген өзара сыйластық пен ортақ көзқарастарға негізделген.

Үш сессияның аясында жаһандық және аймақтық деңгейдегі екіжақты ынтымақтастықтың мәселелері, еуразиялық интеграция мен адами капиталдың даму мәселелері қарастырылады.

Конференцияда Қазақстан мен Ресейдің жоғары лауазымды саяси, іскер және ғылыми зиялы қауымының өкілдері қатысып, сөз сөйлейді.

09.00–10.00 Қонақтарды тіркеу, БАҚ өкілдерімен сұхбат.

10.00–11.15 Пленарлық сессия.

Өткізілетін орны: Астана қаласы, Ә. Бөкейхан көшесі, 1 (бұрынғы Еңбекшілер к-сі), «Назарбаев орталығы» ғимараты.

Ғимаратқа кіру қатаң түрде жеке басты куәландыратын құжатпен жүргізіледі.