Мероприятия Библиотеки Лидера Нации на 1 апреля 2016 года

1 сәуір күні Елбасы кітапханасында серіктестермен Ынтымақтастық туралы меморандум аясында бірнеше іс-шара өтеді. Сондай-ақ, Елбасы кітапханасы «Әлемді өзгертетін идеялар» әлеуметтік жобасын іске асыру бойынша жұмысты жалғастырады.

Сағат 16.00-де белгілі айтыскер-ақын Айнұр Тұрсынбаевамен кездесу кеші өтеді. Бұл іс-шара «Болашақ» бағдарламасы түлектерінің, ЖОО докторанттары мен магистранттарының Қазақстанның танымал ақын-жазушыларымен «Мәңгілік мұра» атты шығармашылық кездесулер топтамасы аясында ұйымдастырылады.  

Сағат 17.30-да Кітапхананың кинозалында «Жас Ұлан» РҚБ және «Кемел Ел» мәдени-білім беру жұмысы және жастарды тәрбиелеу орталығы мүшелеріне арналған Көшбасшылар мектебінің бескүндік жұмыс қорытындысы шығарылады (Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған үздік бейнеролик конкурсының нәтижесі), сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан мен Алматы облысының оқушыларына «Әлемді өзгертетін идеялар» семинар-тренингі оқу курсын тәмамдауы жөніндегі сертификаттар табыстау рәсімі өтеді.