Круглый стол «Казахстан как наследник степной цивилизации»

11 желтоқсан күні сағат 11:30-да Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кітапханасында Қазақстан халқы ассамблеясымен бірлескен «Мың бала» мәдени-ағартушылық жобасының қорытындысын шығару жөніндегі іс-шаралар аясында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күніне арналған «Қазақстан – дала өркениетінің мұрагері» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылады.  

Шара Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының  Кітапханасы, Мемлекет тарихы институты, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігінің қатысуымен тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуы мен даму тарихы, қоғамның демократизациялануы, бейбіт өмір мен келісімді нығайтудағы Елбасының рөлін талқылау мақсатында ұйымдастырылды.

«Қазақстан – дала өркениетінің мұрагері» дөңгелек үстеліне отандық тарихшылар мен жас ғалымдар қатысады. Олар мемлекет тарихы, ұлттық идея, әлем қауымдастығына кірігу, мәдени мұраны сақтау және т.б. өзекті мәселелер бойынша пікір алмасады.  

 

Аккредитация үшін: 8 7172 69-30-53/54

е-mail: pr@plibrary.kz, presidentlibrary.pr.kz@gmail.com