Космическая кухня в Библиотеке Лидера Нации

8 сәуір сағ.: 14:30-да Елбасы кітапханасында академик Ғ.С. Сейтқасымов атындағы Индустриалды – экономикалық колледжі және Еуразия гуманитарлық институты колледжі оқушыларына «Халық Қаһарманы», ғарышкер Айдын Айымбетовпен және Қазақ тағамтану академиясы арнайы тағам өнімдері  және биологиялық белсенді қоспалар лабораториясының жетекшісі, биология ғылымдарының докторы Юрий Синявскиймен кездесу ұйымдастырылады.

Шара Ғарышкерлер күніне арналады.   

Бағдарлама жоспарына сәйкес, Кітапхана бойынша экскурсия ұйымдастырылады, құрметті қонақтармен кездесу болады және ғарышкерлер тұтынатын  тағам түрлері таныстырылады.

Өткізілетін орны: Астана қ., Еңбекшілер көшесі 10, «Назарбаев Орталығы» ғимараты (кіру арнайы рұқсатнама арқылы).