Конкурс на лучшее пособие на основе трудов Лидера Нации

2016 жылғы 25 қараша күні сағат 14.30-де Елбасының кітапханасында «Әлемді өзгертетін идеялар» республикалық байқауының жеңімпаздары анықталады.

Байқаудың мақсаты - Елбасының идеялары мен бастамаларын оқу-тәрбие жұмыстарында пайдаланудың инновациялық әдістерін анықтау. Оны Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының кітапханасы және «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы бірлесе ұйымдастырып отыр.

3-ші жыл қатарынан ұйымдастырылған шығармашылық сайыста еліміздегі Назарбаев Зияткерлік мектептерінің ұстаздары бақ сынайды. Байқауға жолданған 35 жұмыстың 10-ы іріктеліп, ақтық кезеңге жолдама алды.  Олардың авторлары - математика, физика, биология, география және т.б. пәндердің ұстаздары Елбасының еңбектерін зерделеп, оларды сабақ барысында ұтымды қолданудың тәсілдерін қазылар алқасына таныстырады.

Байқауда үздік танылған жұмыстар еліміздің ұстаздарына арналған әдістемелік құрал түрінде жарық көреді.