Церемония награждения победителей конкурса «Независимость Казахстана и Лидер Нации»

2016 жылғы 5 желтоқсан күні сағат 15.00-де БАҚ қызметкерлері арасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған таңдаулы материалдарға «Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы» республикалық конкурсының қорытындысы жарияланады. Журналистер арасындағы шығармашылық байқауға Елбасының кітапханасы және Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры мұрындық болды.

Конкурстың мақсаты – елдің тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін көрсету, Қазақстан мемлекеттілігінің негізі ретінде «Назарбаев моделін», Елбасының идеялары мен бастамаларын танымал ету.

Бекітілген ережеге сәйкес конкурсқа арналған жұмыстар биылғы маусымның 1-нен қазанның 31-не дейін 4 аталым бойынша қабылданды: «Үздік теледидар материалы», «Үздік радиоматериал», «Газеттер мен журналдардағы үздік мақала», «Ғаламтор БАҚ-тағы үздік жарияланым».