Библиотека Первого Президента Республики Казахстан – Лидера Нации открыта для посещения всем желающим

Астана қаласының тұрғындары мен қонақтарын Елбасының жеке кітапханасы мен Интерактивті білім беру орталығының экспонаттары бойынша экскурсияға шақырамыз. Экспозицияға келушілер Елбасының тұжырымдамалық ойларымен, Тәуелсіз Қазақстанның қол жеткізген табыстарымен және жетістіктерімен, ұсынылған экспонаттармен (мемлекет басшыларының және ресми өкілдердің сыйлықтары, өнер туындылары мен тарихи жәдігерлер), фото- және бейнематериалдармен, ел шежіресіндегі мұрағаттық құжаттармен, интерактивті үстелдер контентімен тереңірек танысады.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасында экскурсия өткізу кестесі:

Дүйсенбі - сенбі: 10:00/ 11:00/ 12:00/ 15:00/ 16:00/ 17:00.

Жексенбі: демалыс.

Экскурсияға 8 (7172) 69-30-42 телефон нөмірі арқылы немесе www.presidentlibrary.kz сайтының «Оқырмандарға» бөлімінде электрондық өтінім толтыру арқылы жазылуға болады.

Экскурсия қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде тегін өткізіледі.

Біздің мекен-жайымыз: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Еңбекшілер көшесі,10. Келушілер жеке куәлік арқылы кіреді.

Келу:

№№ 19, 35, 61, 70, 102 автобустарымен Орынбор көшесі, «Қаржы орталығы» аялдамасы,

№№ 19, 28, 52 автобустарымен Керей, Жәнібек хандар көшесі, «Еңбекшілер» аялдамасы.