БИБЛИОТЕКА ЕЛБАСЫ ОТКРЫВАЕТ УЧЕБНЫЙ СЕЗОН: СЕМИНАР-ТРЕНИНГ «КАЗАХСТАНСКИЙ ПУТЬ: МӘҢГІЛІК ЕЛ»

Ағымдағы жылдың 13 қыркүйегінен бастап Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында «Қазақстан жолы: Мәңгілік Ел» семинар-тренингілерінің жаңа оқу маусымы басталады. Аталмыш курс бойынша оқыту жұмыстары 2017 жылдың ақпанынан бері жүргізіліп келеді. Бүгінде оған қатысқан тыңдаушылардың саны 947 адамды құрап отыр.

Жаңа маусымда Қазақстанның барлық өңірлерінен келген оқушылар мен студенттер, сондай-ақ жастар ұйымдары, педагогтар қауымы, құқық қорғау органдарының өкілдері мен мемлекеттік қызметкерлер қатысатын апта сайынғы семинарлар өткізу жоспарланып отыр.

Екі күндік семинардың бағдарламасы «Мәңгілік ел жолында: Тарих сабақтары», «Саяси шама: Тәуелсіздік және ұлттық қауіпсіздік», «Экономикалық шама: индустрияландыру және жалпыға бірдей еңбек қоғамы», «Идеологиялық шама: жалпы ұлттық бірлік, тарихи тұтастық және биік руханият» тақырыптары бойынша өткізілетін дәрістер кешенінен тұрады. Теориялық курсты Кітапхана ғылыми қызметкерлері, философия ғылымдарының докторы, профессор Ғазиз Телебаев пен тарих ғылымдарының кандидаты Сағынтай Бердагулова іспетті Әлеуметтік-ағартушылық жобалар қызметінің өзге де  қызметкерлері оқиды.

Бағдарламаның тренингтік бөлімі «Көшбасшы әлемі», «Болашағы біртұтас ұлт өкілінің негізгі қасиеттері» тақырыптары бойынша сабақтар мен тапсырмалардан, ой-талқы мен пікірсайыстардан, «Қазақстан жолы» интерактивті ғылыми-білім беру орталығында өтетін практикалық жаттығулардан құралған. Жаттықтырушылар құрамына Әлеуметтік-ағартушылық жобалар қызметінің қызметкерлері педагогика ғылымдарының докторы, доцент Күнсұлу Исинова аға сарапшылар Күнзия Үмбетова, Ақбота Хамитова мен Елбасы кітапханасы серіктесі - «Зерайна» қоғамдық қорының директоры Людмила Бурлаченко кірді.

Семинарлар барысында қызықты тұлғалармен кездесулер өтіп, Елбасы кітапханасы мен Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі бойынша экскурсиялар жүргізіледі.