Актуальные проблемы безопасности на евразийском пространстве

2 наурызда сағат 9:30 Елбасы кітапханасының Талдау кешені «Еуразия кеңістігіндегі қауіпсіздіктің өзекті проблемалары: тегеурінді талаптар мен шешу жолдары» тақырыбында халықаралық конференция өткізеді.

Шара 2015 жылдың желтоқсан айында құрылған Қазақстан және Ресей сарапшыларының IQ-Клубының жұмысы аясында ұйымдастырылады. Аталған клубтың құрылтайшылары: Қазақстан тарапынан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы және Ресей тарапынан «Север-Юг» (Мәскеу қ.) саясаттану орталығы мен «Евразия-Поволжье» (Саратов қ.) ақпараттық-талдау орталығы.

Бүгінгі таңда аталған клуб ашық пікір алмасу үшін халықаралық коммуникациялық алаң болып табылады. Осы алаңда беделді ғалымдар мен сарапшылар өз пайымдарын ортаға салады. Бүгінге дейін клубтың екі отырысы ұйымдастырылды. Олар Ресейдің Мәскеу және Саратов қалаларында өткен болатын. Ал, 2 наурызда Астана қаласында қазақстандық аудитория алдында ММХҚИ, РСМД, ПИР-Орталығы және т.б. сөз алады.

Конференция жұмысына Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің бөлім басшылары, Сыртқы Істер министрлігі мен мемлекеттік органдар, еліміздің мемлекеттік және мемлекеттік емес ғылыми-талдау құрылымдарының өкілдері, дипломатиялық миссия өкілдері, Астана қаласы ЖОО оқытушылары мен студенттері қатысады. Конференция дәстүрге айналған ашық пікір-талас форматында өтеді, оған сәйкес қатысушылар баяндамашыға кез-келген сауал жолдай алады.