25 ноября откроются выставки, посвященные Дню Первого Президента Республики Казахстан

23 қараша күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесіне арналған шаралар басталды.

25 қараша күні сағат 11:00-де «Тәуелсіздік және Тұңғыш Президент» («Независимость и Первый Президент») атты кітап көрмесі өз жұмысын бастайды. Көрмеге Президент Н.Ә. Назарбаевтың қызметіне арналған 70-тен астам кітап қойылады және сағат 11:30-да «Елбасы жолы – путь Лидера» атты мерзімді басылымдардан тұратын көрме ашылады. Көрмеге қойылатын 102 басылым Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің 1959 жылдан бастап бүгінгі күнге дейінгі қызмет хроникасын баяндайды.

«ТҰҢҒЫШ-ПЕРВЫЙ» деректі фильмдер онкүндігі жалғасады. Көрермендерге 2015 жылдың айтулы даталарына және Елбасының қызметіне арналған Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешіні дайындаған фильмдері ұсынылады.

Елбасы кітапханасының киноконцерт залында өтетін онкүндікке Астана қаласының тұрғындары мен қонақтарын шақырамыз. Шара барысында белгілі саясат және қоғам қайраткерлерімен кездесулер ұйымдастырылады.

Деректі фильмдер көрсетілімі сағат 15:00-де басталады.