ҰЛЫ ДАЛА ТАРЛАНДАРЫ. ӘСЕЛ АЯПОВА

«Ұлы дала тарландары» ақпараттық жобасы аясында Елбасы кітапханасының сайтында «Қазақстанның 100 жаңа есімі» ұлттық жобасының жеңімпаздары туралы материалдармен танысуға болады.

Бұл тұлғалар оқыту семинарлары кезінде жастармен кездесулердің таптырмас қонағы болды. Олар жетістіктерімен бөлісу арқылы жастарды ынталандырып отырады.  Кітапхананың жаңа музейіндегі «Стратегия жолы» залында басқа жәдігерлермен қатар «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жеңімпаздары туралы ақпарат ұсынылған.

 «Ұлы дала тарландары» шығарылымының жаңа саны  республикалық жобаның «Бизнес» бағытындағы 2019 жылғы жеңімпазы Әсел Аяповаға арналған.  Ол АҚШ-тың AES корпорациясының энергетикаға арналған жаһандық дрондық инновациялық бағдарламасының директоры және Энергетикадағы дрондар мен роботтар  халықаралық коалициясиясының, Америкадағы «Women and Drones» қауымдастығы кеңесінің мүшесі.

 М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген Әсел «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ, «Самұрық-Қазына» АҚ инвестициялық жобаларының бас менеджері, «Астана-Недвижимость» АҚ жобаларды қаржыландыру департаментінің директоры болып жұмыс істеді.

Өзінің мансабын ол «AES-Қазақстан» күрделі жобаларын басқару жөніндегі директор болудан бастады.  Керемет жұмыс нәтижелері оған AES корпорациясының бас кеңсесіне (Арлингтон, Вирджиния, АҚШ) ауысуға мүмкіндік берді.  Қазір ол AES энергетикалық компаниясының менеджментінде жұмыс істейді.  Әсел әлемнің 14 елінде 600-ден астам қызметкер тартылған Жаһандық инновациялық бағдарламаны басқару тізгінін ұстайды.  Оның басты міндеті – 100-ден астам түрлі кәсіптерге робототехниканы енгізу.

Оның басшылығымен бағдарлама АҚШ энергетикасы мен ғаламдық пилотсыз авиация саласында мойындалды. Өнеркәсіпте дрондарды қолданғаны үшін олар AUVSI Award 2018 халықаралық сайысының 2 орнын иеленіп, AUVSI Award 2019 сайысында 3 орын алды. Ал халықаралық S&P Platts Global Energy Award 2018 сайысының «Жылдың коммерциялық технологиялары» бағытында олар финалист атанды.

 Ә.Аяпова әлемнің 100 үздік жоба менеджерлерінің рейтингіне кірді.  Ол тек мансап құрып қана қоймай, білімі мен тәжірибесімен бөлісіп, тәлімгерлікке үлкен көңіл бөледі.  2019 жылы Әсел дарынды қазақ жастары үшін өзінің тәлімгерлік бағдарламасын ұйымдастырды.

 «Мен әлеуметтік және қайырымдылық жобамды мақтан тұтамын.  Жеке тәжірибем мен білімімді ақысыз бере отырып, қамқоршыларыма 135-150 сағат уақыт бөлемін.  Бұл менің елімнің дамуына қосқан үлесім», - дейді Әсел.

 Ол сонымен қатар «iQanat» білім беру қорының меценаты, оның қызметі ауылдық жерлерден шыққан талантты жастарды анықтауға және оларды беделді жоғары оқу орындарына түсуге дайындауға бағытталған.

 Өз елінде Әсел «Атырау арулары» энциклопедиясына (2016) және «100 асқар шыңдарға ту тіккен ауыл әйелдері» (2020) кітабына енген.

 2020 жылдың желтоқсанында Әсел Дьюк университетіндегі Дьюк Фукуа бизнес мектебін Executive MBA-мен аяқтады.

 Әсел тек мансабымен ғана емес, күйеуінің жұбайы, балаларының анасы ретінде де құрметке ие. Бүгінде жолдасымен бірге ол үш баланы тәрбиелеп отыр.

 Өз елінің нағыз патриоты ретінде Ә.Аяпова өзінің ұзақ мерзімді жоспарларын Қазақстанмен байланыстырады.  Әлемдік тәжірибе жинап, отанына оралып, Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған ауқымды инфрақұрылымдық бағдарламалармен айналысуға ниетті.