Жаңалықтар


20.10.2021 | ПАТРИОТИЗМ САБАҒЫ

19 қазанда Елбасы кітапханасында астанамыздағы №71 және №75 мектептердің 6-сынып оқушыларына «Патриотизм – тарихи діл ерекшелігі» дәрісі өткізілді. Мемлекет тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған мектептен тыс сабақта балалар қазақ хандары мен батырларының, Ұлы Отан соғысы қаһармандарының өмірбаянына сүйеніп, шежіреміздегі маңызды оқиғалар арқылы Қазақстанның жауынгерлік тарихымен танысты.

19.10.2021 | СЕНАТОРЛАР ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНДА

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының өкілдері Елбасы кітапханасымен танысты. Сенаторлар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы музейінің залдарын аралады. Олар Тұңғыш Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың өмір жолы мен саяси қызметінен, тәуелсіз Қазақстанның құрылу тарихынан сыр шертетін экспозицияларды тамашалады.

19.10.2021 | ЕЛОРДАЛЫҚ ОҚУШЫЛАР ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ ЭКСКУРСИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

Бүгін Елбасы кітапханасының оң жағалаудағы музейінде елордадағы № 51,86,67 мектеп-гимназиясының оқушыларына квест-экскурсия өткізілді. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында ұйымдастырылған квест-экскурсияның мақсаты – жас ұрпақтың білім көкжиегін кеңейту әрі бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

15.10.2021 | «Менің елімнің мәдени мұрасы» көрмесі ашылды

Бүгін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының музейінде Қазақстан мен Индонезияның балалар мен жасөспірімдер арасындағы «Менің елімнің мәдени мұрасы» атты  халықаралық байқауының қорытындысы бойынша көрменің ашылуы өтті.

15.10.2021 | 18 қазан – Рухани келісім күні

18 қазан – Рухани келісім күні. Бұл күн Қазақстанда дүниежүзілік деңгейдегі теңдессіз оқиға – рухани келісімнің алғашқы әлемдік конгресі өткен 1992 жылдан бастау алады.

13.10.2021 | ОҚУШЫЛАРҒА КВЕСТ-ОЙЫН ӨТКІЗІЛДІ

Бүгін Елбасы кітапханасында елордадағы №51 мектеп-гимназияның оқушыларына  квест-экскурсия өткізілді. Мекеменің ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шаралары жалғасын тауып, мектеп оқушыларының білім көкжиегін кеңейтуге септігін тигізіп келеді.

13.10.2021 | СТУДЕНТТЕРГЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ МҰСЫЛМАН ӘЛЕМІНДЕГІ РӨЛІ ТҮСІНДІРІЛДІ

 Елбасы кітапханасында Нұр-Сұлтан қаласындағы құрылыс-техникалық колледжінің студенттеріне Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Қазақстан және мұсылман әлемі» дәрісі өткізілді. Қазақстан Республикасы азаттықтың алғашқы күндерінен бастап теңдестірілген көпвекторлы сыртқы саясаттың бұлжымас бағытын ұстанады.

12.10.2021 | «ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛ ЖӘНЕ СЕНІМ ФОРУМЫ» КӨРМЕСІ

Бүгін, 12 қазанда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында Нұр-Сұлтан қаласында өтіп жатқан АӨСШК-ге қатысушы елдердің сыртқы істер министрлерінің VI кездесуі аясында «Өзара іс-қимыл және сенім форумы» көрмесі өз жұмысын бастады. Көрменің серіктесі – АӨСШК Хатшылығы.

07.10.2021 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ БҮДІРШІНДЕРДІ ҚАРСЫ АЛДЫ

Бүгін астананың кішкентай тұрғындары Елбасы кітапханасын аралады. Музейге сапарды Нұр-Сұлтан қаласының «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызметкерлері ұйымдастырды. Музеймен танысарда балақайлар мен ата-аналар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының «Мәңгілік ел» патриоттық актісі туралы бейнематериал мен тақырыптық экспозицияларда ұсынылған бірегей экспонаттармен танысты.

06.10.2021 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АЛТАЙ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМЫНА ҚАТЫСТЫ

Елбасы кітапханасының қызметкерлері үстіміздегі жылдың 30 қыркүйегі мен 3 қазаны аралығында Барнауылда өткен «Үлкен Алтайдағы түркі-моңғол әлемі: тарихи-мәдени мұра мен қазіргі заман» атты ІІ Алтай халықаралық форумына қатысып қайтты. Ұйымдастырушылардың ақпаратына сәйкес, форум еуразиялық ғылыми және білім беру кеңістігінде берік интеграциялық байланыстарды қалыптастыруға және желіні дамытуға бағытталған.

Беттер