Аңдатпа


20.10.2021 | «NOBEL FEST: БОЛАШАҚ – БҮГІН»

ҚАЗАҚСТАНДА ҮШІНШІ НОБЕЛЬ ФЕСТИВАЛІ ӨТЕДІ   Бейбітшілік пен дамуға қызмет ететін Дүниежүзілік ғылым күніне орай 2021 жылдың 26-29 қазан аралығында Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының, Инклюзивті даму қоры және G-Global жобасы демеушілігімен III Нобель фестивалі өтеді. «Болашақ – бүгін» тақырыбында өтетін III Нобель фестивалі негізгі төрт бағытты қамтиды: ● Жасыл өмір; ● Жаңашылдық ғасыры; ● Жаңа дәуір дағдылары;

14.10.2021 | «МЕНІҢ ЕЛІМНІҢ МӘДЕНИ МҰРАСЫ» КӨРМЕСІНІҢ АШЫЛУЫ ӨТЕДІ

2021 жылдың 15 қазанында, сағат 15.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының музейінде (Бейбітшілік көшесі, 11) Қазақстан мен Индонезияның балалар мен жасөспірімдер арасындағы «Менің елімнің мәдени мұрасы» атты  халықаралық байқауының қорытындысы бойынша көрменің ашылуы өтеді.

04.10.2021 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ ЖӘНЕ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ҚОРЫ ЖУРНАЛИСТЕРГЕ АРНАЛҒАН «ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕЛБАСЫ» КОНКУРСЫН ЖАРИЯЛАЙДЫ

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына   Елбасы кітапханасы және Нұрсұлтан Назарбаев қоры журналистерге арналған «Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы» конкурсын жариялайды

30.09.2021 | «ҰМАЙ БЕСІК ЖЫРЫ» КӨРМЕСІНІҢ АШЫЛУЫ ӨТЕДІ

2021 жылдың 1 қазанында сағат 17.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында (Бөкейхан көшесі, 1А) суретші Динара Қадырованың «Ұмай бесік жыры» жеке көрмесінің салтанатты ашылуы өтеді. Көрме Елбасы кітапханасының елдің ұлттық кодын қалыптастыратын өзіндік авторлардың шығармашылығын көрсетуге бағытталған «Тәуелсіздіктің мәдени негізі» жобасын іске асыру аясында ұйымдастырылды. Іс-шара ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған.

28.09.2021 | АБАЙ ОҚУЛАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛМАҚ

2021 жылдың 30 қыркүйегінде, сағат 15.00-де Елбасы кітапханасының  жаңа музейінде (Ә.Бөкейхан к-сі, 1А) қазақтың ұлы ақыны, дана ойшылы, сазгер, ағартушы, қоғам қайраткері, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы және тұңғыш классигі Абай Құнанбайұлының мұрасын дәріптеу мақсатында әлеуметтік желілерде жарияланған «V Абай оқулары» әдебиет сайысының жеңімпаздары марапатталады. Абай шығармашылығы – отандық мәдениетіміздің мақтанышы, ұлттық кодтың ажырамас бөлігі. Ұлы ақынның есімі күллі дүниежүзінің оқырман қауымына кеңінен танымал.

20.09.2021 | «ТӘУЕЛСІЗДІК ЖӘНЕ ЕЛБАСЫ: ЖАСАМПАЗДЫҚТЫҢ ЖАҢА ТАРИХЫ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

22 қыркүйек күні, сағат 11.00-де Елбасы кітапханасында (Ә.Бөкейхан көшесі, 1А) мемлекет тәуелсіздігінің 30 жылдығына мен Қазақстан Республикасы ұлттық архивінің 15 жылдығына арналған «Тәуелсіздік және Елбасы: жасампаздықтың жаңа тарихы» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтеді. Іс-шараны Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы мен ҚР Ұлттық архиві ұйымдастырмақ.

20.09.2021 | «ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДЕГІ ҚОҒАМНЫҢ МӘДЕНИ-ТАРИХИ МҰРАСЫН САҚТАУДАҒЫ КІТАПХАНАНЫҢ РӨЛІ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

21 қыркүйек күні, сағат 14.00-де Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында (Достық к-сі, 11) «Қазіргі әлемдегі қоғамның мәдени-тарихи мұрасын сақтаудағы кітапхананың рөлі» халықаралық конференциясы өтеді.  Іс-шараны Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы мен Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы ұйымдастырады.

17.09.2021 | БІЗ БАРШАҢЫЗДЫ ЭКСКУРСИЯДА КҮТЕМІЗ!

Ә.Бөкейхан көшесі, 1А (сол жағалау) және Бейбітшілік көшесі 11 мекенжайлары бойынша орналасқан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының музей ғимараттарына келушілерді қабылдау және экскурсиялық турлардың жалғасатынын қонақтарымызға қуана хабарлаймыз. Музей күн сайын сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, белгіленген режимде жұмыс істейді. Экспозицияға кіру уақыты – 17.15-ке дейін. Демалыс күні – дүйсенбі.

15.09.2021 | «КӨҢІЛДІҢ АСЫЛ ПЕРНЕСІ ...» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫ

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы, Нұрсұлтан Назарбаев қоры, Халықаралық түркі академиясы,  М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен  Қазақстан Респубикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Көңілдің асыл пернесі...» халықаралық шығармашылық байқауын жариялайды. 

15.09.2021 | «ТӘУЕЛСІЗДІК ИГІЛІГІ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРКЕМӨНЕР БАЙҚАУЫ

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті кітапханасы, Индонезия Республикасының Қазақстандағы елшілігі және Нұр-Сұлтан қаласындағы Балалар көркемсурет мектебі – ЮНЕСКО клубы Қазақстан мен Индонезияның балалары мен жасөспірімдері арасында халықаралық көркемөнер байқауын жариялайды.  «Тәуелсіздік игілігі» байқауы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Индонезия Республикасы Тәуелсіздігінің 76 жылдығына арналған.

Беттер